Қымбатты достар!
Жыл сайын 9 мамыр күні баршамыз Жеңіс күнін атап өтеміз, биыл да осылай болмақ. Аға ұрпаққа рахметімізді айтып, дүниеден озған Ұлы Отан соғысына қатысушыларды есімізге аламыз. Уақыт өткен сайын ауыр соғыстың куәгері болған апа-аталарымыздың саны азайып бара жатқаны өкінішті-ақ. Сондықтан біз «Атамның жеңісі – менің жеңісім!» атты акцияны осы жылы да жалғастыруды жөн көрдік. Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Жеңіс туралы тарихи мәліметтерді сақтап қалу.
Ұлы Отан соғысының зардабы еліміздегі әрбір адамға, әрбір отбасына тиді десек қателеспейміз. Тіпті, қызықты әңгімелер мен ескі суреттері салынған 100-ден астам хат алуымыздың өзі, соның айқын дәлелі. Ал әрбір әңгіме – бұл бір отбасының, бірнеше ұрпақтың тағдыры, еліміздің тарихы. КАЗКОМ-ның «Атамның жеңісі – менің жеңісім!» атты акцияға ерекше көңіл бөлуі де сондықтан. 1941 – 1945 жылдары соғысқа қатысқан жақындарыңыз, ағайын-туғандарыңыз туралы әңгімелеріңіз болса, бізбен бөлісуге шақырамыз. Әңгіменің тек майдан туралы болғаны шарт емес. Соғыс жылдары өткен балалық шақ туралы, тылда жұмыс істеу туралы да естеліктеріңізді асыға күтеміз. Айтарыңыз болса, хат жазыңыздар.
Соғыс жылдары майданға шамамен 1,2 млн. қазақстандық аттанды. Бұл республикадағы халықтың 19%-ы болатын. Туған жеріне, үйіне соғыстан әрбір үшінші қазақстандық оралмады. Соғыс жылдары Кеңес Одағының батыры атағын 497 жерлесіміз алды, төрт ұшқышымызға Батыр атағы еке рет берілген болатын.
Еңбек майданындағылардың жеңіске қосқан үлесі зор болды. Өйткені Қазақстан территориясына 220 зауыт пен фабрика көшірілген болатын. Жер қойнауынан көмір, марганец, қорғасын сияқты басқа металдардың да басым бөлігі өндірілетін. Еліміз майданды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрі жіберген болатын.

Ағайын-жекжаттарыңның ішінде сіздің де бетке ұстар жақындарыңыз бар шығар?! Онда «Атамның жеңісі – менің жеңісім!» акциясына қосылып, отбасыңыздың әскери тақырыбындағы әңгімелеріңізбен бөлісуге асығыңыздар!
Акцияға қатысу үшін өз әңгімелеріңізді astukova@kkb.kz электрондық поштасына жазыңыздар:
Әскери тақырыптағы әңгімелер банктің сайтында, Homeclub.kz әлеуметтік желісінде, сондай-ақ «Комсомольская правда в Казахстане» газетінің сайтында – www.kp.kz, «Центр тяжести» сайтында, «Казкоммерц News» және «Комсомольская Правда» басылымдарының беттерінде жарияланатын болады.
Әңгімелеріңіз бен суреттеріңізді асыға күтеміз! Өйткені Атаңның жеңісі – бұл біздің жеңісіміз!
"Победа деда – моя победа!" акциясының орыс тіліндегі нұсқасы.
"Атамның жеңісі – менің жеңісім! (2010)":